Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Токио-2020: Кімдерге бірнеше секундқа бетпердені шеше тұруға рұқсат берілді

Опубликовано:

Олимпиада жүлдегерлері
Фото: Mustafa Yalcin/Anadolu Agency via Getty Images

Токиодағы Олимпиада ұйымдастырушылары жүлдегерлерге марапаттау рәсімінде суретке түсу үшін 30 секундқа маскаларын шешуге рұқсат берді. Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің сайтында хабарланды деп жазады BaigeNews.kz.

Әнұран аяқталғаннан кейін спортшыларға масканы 30 секундқа шеше тұруға болатындығы туралы белгі беріледі. Осы кезде жеңімпаздар әлеуметтік арақашықтықты сақтауы керек.

Осыдан кейін олимпиадашыларға тағы бір белгі беріледі, бұл жолы олар қайтадан бетперде тағуы керек және жеңімпазбен бірге жеңіс тұғырында суретке түсуге мүмкіндік береді, алайда жүлдегерлер бетперде тағып тұруы міндетті.

Еске сала кетейік, Жапонияның ұлттық метеорологиялық басқармасы ұсынған болжамға сәйкес, "Непартак" тайфуны Токио-2020 жазғы Олимпиада ойындары өтіп жатқан Жапонияның астанасы Токиоға жақындап келе жатыр, салдарынан қатты жаңбыр мен алып толқын болады деп күтілуде.

Бұған дейін Токиодағы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің туын көтеріп шыққан Ольга Рыпакованың қазақша стильдегі көйлегі әлем жанкүйерлерінің жоғары бағасына ие болғанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, Олимпиада ойындарында теннистен сынға түсіп жатқан отандасымыз Елена Рыбакина екінші айналымда Швеция өкілі Ребекка Петерсонмен кездескен болатын. Екі сетке созылған матчта қазақстандық теннисші 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1923937-tokio-2020-kimderge-birnese-sekundqa-betperdeni-sese-turuga-ruqsat-berildi/

pixel