jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Олимпиада жүлдегерлері Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло елге оралды (фото)

    Олимпиадашылар
    Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Бүгін Олимпиада жүлдегерлері Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сон Токиодан елге оралды. Спортшыларды Алматы әуежайынан жанкүйерлері мен журналистер күтіп алды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Олимпиадашылар мінген рейс 20:15-те келген. Осы уақытқа дейін жанкүйерлер Алматы әуежайына жиналды. Олар өздерімен бірге плакаттар мен ту ала келген.

    Ал спортшылар келесі сайыстарға дайындалатынын айтты.

    Зүлфия Олимпиадада өзіне достары мен қазақстандықтардың қолдау көрсеткенін атап өтті. Ол біраз уақыт демалып, содан кейін келесі шыңдарды бағындыруға дайындалмақ.

    Зүлфия Чиншанло
    Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Игорь Сон болса медаль үшін күрескенін, алайда үшінші орын алған кезде сенер-сенбесін білмегенін айтады.

    Ауыр атлет қарсыластарының өте мықты болғанын, бірінші орынға бес адамның таласқанын айта кетті.

    Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сон
    Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сон. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Әуежайдан шыға салысымен спортшыларды жанкүйерлері күтіп алып, суретке түсті. Сондай-ақ қазақстандықтар қос зілтеміршіні құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

    Олимпиадашылар
    Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Олимпиадашылар
    Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Олимпиада жүлдегерлері Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло елге оралды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.