Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал волейболшы Сабина Алтынбекова балалы болды (фото)

Жарияланған күні:

Волейбол
Фото: instagram.com/altynbekova_20

Танымал қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова тұңғышын өмірге әкелді. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Сабина Алтынбекова баласының бет-әлпеті жасырылған фотосын жариялап, ұлын қатты күткенін хабарлады.

"Ұлым, ешбір ер адамды сені күткендей күткен емеспін. Махаббат пен қамқорлыққа толы отбасыға қош келдің", - деп жазды спортшы.

Сонымен бірге, Алтынбекованың күйеуі Саят Салманұлы да көпшіліктен сүйінші сұрап, сүйіктісіне рақметін айтқан.

"Мен ұлды болдым. Жаным, үлкен рақмет", - деп жазды Саят.

Бұл қуанышты хабарды естіген оқырмандар бірден ақ тілектерін жаудырды.

"Мүлдем байқамадық, бауы берік болсын", "Құттықтаймын", "Есімі кім?", "Құтты болсын! Бауы берік болсын! Бізге жұғысты болсын!", "Сендерге бақыт тілеймін", - деп жазды олар.

Айта кетейік, Сабина Алтынбекова өткен жылдың 25 желтоқсанында тұрмысқа шыққан болатын. Спортшы ару сүйіктісімен шариғат бойынша некесін қидырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1935722-tanymal-voleibolsy-sabina-altynbekova-ul-bosandy-foto/