Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басқа елдің туын көтергім келді": Допинг дауына іліккен Жасұлан Қыдырбаев өкініші туралы айтты

Опубликовано:

Жасұлан Қыдырбаев
Жасұлан Қыдырбаев. Кадр: YouTube/Уақыт көрсетеді

2014 жылы ауыр атлетикадан әлем чемпионы, 2015 жылы Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған Жасұлан Қы­дырбаев 2015 жылы допинг дауына ілігіп, спорттан шеттетілген болатын. Болашағынан күллі қазақ үміт күткен жас спортшы бүгінде допинг қолданғанын әлі де мойындамайды. Айтуынша, сол жылдары бірқатар спортшы әлемдік саясаттың құрбаны болған. Қыдырбаев басынан өткен қиындықтарын еске алып, өзегін өртеген өкініші туралы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Допинг дауынан кейінгі өмірі туралы спортшы "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында айтты.

Бағдарлама барысында ауыр атлет допинг дауынан кейін біршама күйзеліске түскенін және ауыр күндері қолдаған жұбайына алғысын айтты. Ол спорттан шеттетілген соң ол немен айналысарын білмей, тіпті бөтен елге кетпек болған екен. Спортшының айтуынша, оның ел алдында ары таза әрі допинг қолданды деген жабылған жала ғана.

"Дін жолында жүргендіктен барынша жаман ойлардан аулақ болуға тырыстым. Дегенмен басқа елге кетіп, өзге елдің туын көтеруге дайын болдым. Соның жолын қарастырдым. Түркияда, Кореяда спортшыларды жақсы қолдайды екен, сонда барып, сол елдің атынан шығу, атағың шығару туралы ойлар болды. Бапкерлерімен келіссөздер жүргіздім. Бірақ ол үшін біздің федерациядан (ред. - ауыр атлетика) рұқсат қағаз керек болды. Бірақ мен өзім сеніп жүрген ағалар көмектеспегенде, федерация көмек береді деп сенген жоқпын", - дейді ол.

Ауыр атлетикадан қол үзген спортшы күн көрістің қамымен саудамен айналысып кеткенін айтады. Жақын таныстарының бірі оған бос ғимаратын ұсынып, ол азық-түлік дүкенін ашыпты.

Ашық сұхбат барысында Жасұлан Қыдырбаев ауыр атлетика саласындағы олқылықтарға күйінді. Ол өзінің спорттық мансабына әлдебіреулер тосқауыл қойғысы келгенін де ашық айтты.

"Менің жаттықтырушым айтатын, спортта ішіңде өкініш қалып қоймайтындай бар мүмкіндігіңді пайдалану керек", - деген спортшы өзінің де өкініші бар екенін жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1947682-basqa-eldin-tuyn-kotergim-keldi-doping-dauyna-ilikken-zasulan-qydyrbaev-okinisi-turaly-aitty/