jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Еңлік Арықбай
    Еңлік Арықбай
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирде сенсация жасады

    Қазақстандық теннисші Александр Бублик
    Фото: www.instagram.com/bublik

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик Индиан-Уэллс турнирінің үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстан теннис федерациясы жаңалықтарына сілтеме жасай отырып.

    Жүлде қоры 8,5 АҚШ долларынан асатын жарыстың 31-ракеткасы болып тіркелген Александр Бублик доданың екінші айналымында ұлыбританиялық Энди Марреймен кездесті.

    Айта кетерлігі, Энди Маррей - кезінде рейтингте көш бастаған "Үлкен дулыға" турнирінің үш дүркін, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы.

    Биыл Александр Бублик Роттердамда Маррейден жеңіліп қалған болатын.

    Бұл жолы екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсекеде қазақстандық теннисші қазіргі кезде рейтингте 88-орында тұрған атақты қарсыласын 7:6 (11:9), 6:3 есебімен ұтты.

    Александр матч барысында 11 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Энди Маррей 4 эйспен шектелді.

    Александр Бублик үшінші айналымда әлемнің 35-ракеткасы, болгариялық Григор Димитров немесе рейтингте 78-сатыдағы аустралиялық Джордан Томпсонның біреуімен кездеседі.

    Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирде сенсация жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.