jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Жансая Әбдімәлік Алматы шахмат федерациясының президенті атанды

    ФОТО
    Фото: Жансая Әбдімәліктің әлеуметтік желідегі жеке парақшасы

    Жансая Әбдімәлік Алматы шахмат федерациясының президенті атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Федерация мәліметіне сүйенсек, жаңа ұйым Алматы қаласының Шахматшылар Одағынан кері қайтарып алынғаннан кейін аккредитацияға ие болған және мегаполисте шахмат мәдениетін дамытуды көздеп отыр.

    Федерация мен оның президентінің мақсаты – Алматыны әлемдік шахмат орталықтарының біріне айналдыру және еліміздің басқа шахмат федерациялары үшін үлгі көрсету..

    "Федерацияның 2024 жылға дейінгі жоспарында – төрт негізгі бағытты дамыту: қала тұрғындары арасында бұқаралық спорт, мектептегі білім берудегі шахмат, жоғары жетістіктер спорты, сондай-ақ ардагерлерді қолдау", – деді Жансая Әбдімәлік.

    Таяудағы үш жылда жаңа тұрақты спорттық іс-шаралар – бір мезгілді ойынның ашық сеанстарын, Алматы және басқа қалалар құрамалары арасында турнирлер ұйымдастыру, сондай-ақ саябақтарда, аулаларда, ауруханаларда және басқа да қоғамдық орындарда жаңа шахмат аймақтарын құру жоспарлануда.

    Сонымен қатар, жоспарға сәйкес Алматы мектептерінде шахмат сабақтарына арналған кабинеттер жабдықталады, мұғалімдер мен оқушыларға арналған арнайы оқыту бағдарламалары, әдістемелік құралдар әзірленеді, сондай-ақ Мектеп Лигасына қатысу үшін командалар құрылады.

    "Жалпы білім беру мекемелерінде шахмат сабақтарын енгізу тәжірибесі Ұлыбританияда, АҚШ-та, Түркияда бұрыннан қолданылып келеді, ал Армения шахматты міндетті мектеп бағдарламасына енгізген әлемдегі алғашқы ел болды. Алматылық оқушылар үшін бұл одан әрі интеллектуалды дамуға қолайлы жағдай жасайтыны сөзсіз", – деп атап өтті Жансая Әбдімәлік.

    Алдағы айлар ішінде Федерация ресми сайтында даму бойынша егжей-тегжейлі жоспар ұсынады, сондай-ақ жас шахматшылардың жаттықтырушылары мен ата-аналарымен кездесулер өткізеді.

    Жансая Әбдімәлік Алматы шахмат федерациясының президенті атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.