Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таэквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

Опубликовано:

Таеквондо
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Батырбек Еставлетов таэквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бапкері болып тағайындалды. Сонымен қатар Серік Палмағамбетов мемлекеттік жаттықтырушы қызметіне кірісті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Айта кетейік, Батырбек Еставлетов жаңа қызметіне дейін таэквондодан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы болған еді.

Ол - Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1997-2007 жылдар аралығында Қазақстан чемпионы және ел кубогының иегері, Жазғы спартакиада жеңімпазы, Азия чемпионатының және бірқатар халықаралық турнирдің жүлдегері.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып ресейлік маман Магомед Адиев тағайындалған болатын.

Оның кандидатурасы Қазақстан футбол федерациясы атқарушы комитетінің шешімімен бекітілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1971007-taekvondodan-qazaqstan-ulttyq-quramasynyn-bas-bapkeri-tagaiyndaldy/

pixel