jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық ауыр атлеттер Мексикадағы әлем чемпионатында үш алтын алды

    Қазақстандық ауыр атлеттер үш алтын жеңіп алды
    Ерасыл Сәулебеков. Фото: IWF

    Ауыр атлетикадан Мексикада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны үш алтынмен толықты. Жеңімпаз атанған спортшылар қатарында әлем рекордын жаңартқандар да бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Леон қаласында өтіп жатқан әлемдік додада Қазақстан әнұраны үш рет шырқалды. Алдымен 63 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ерасыл Сәулебеков топ жарды. Ол жұлқа және серпе көтеруден жалпы есебі 281 келіні өз еншісіне жазып, әлем чемпионы атанды.

    Кейін 73 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Едіге Егемберді алтыннан алқа тақты. Едіге серпе көтеруде 172 келіні оңай еңсеріп, осы жаттығу бойынша әлем рекордын орнатқан.

    81 келіге дейінгі салмақта Қазақстан намысын қорғаған Денис Полубояринов ел қоржынына үшінші алтынды салды. Ол қос бағдарлама бойынша 323 келіні көтеріп, чемпиондық атаққа қол жеткізді.

    Осылайша, қазақстандық жас зілтеміршілер әлемдік сында үш алтынды еншілеп, командалық есепте алда келе жатыр.

    Қазақстандық ауыр атлеттер Мексикадағы әлем чемпионатында үш алтын алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.