Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новак Джокович жетінші рет "Уимблдон" турнирінің чемпионы атанды

Опубликовано:

Новак Джокович
Новак Джокович. Фото: Ryan Pierse/Getty Images

35 жастағы сербиялық теннисші, әлемнің 3-ракеткасы Новак Джокович "Уимблдон-2022" турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерлер арасындағы жекелей сынның финалында Новак Джокович әлемнің 40-ракеткасы, австралиялық Ник Кирьосты жеңді. Олардың арасындағы ойын 4 сетке созылып, 4:6, 6:3, 6:4, 7:6(3) есебімен аяқталды.

Осылайша, сербиялық теннисші "Үлкен дулыға" турниріндегі 21-інші, соның ішінде "Уимблдондағы" жетінші титулына қол жеткізді. Ол "Уимблдон" турнирінің 2011, 2014, 2015, 2018, 2019, 2021, 2022 жылдардағы чемпионы атанып отыр.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы жекелей сында биыл отандасымыз Елена Рыбакина алғаш рет "Уимблдон" турнирінің жеңімпазы атанды.

Финалда ол әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жаберді жеңді.

Бұл Қазақстан үшін тарихи жеңіс. Себебі осы уақытқа дейін ешбір қазақстандық теннисші "Үлкен дулыға" жарысының титулын иеленбеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1977782-novak-dzokovic-zetinsi-ret-uimbldon-turnirinin-cempiony-atandy/

pixel