jitsu gif
Спорт

    Қазақстан намысын қорғайтын кениялық қыз әлем чемпионатының алтынына таласады (видео)

    Қазақстандық Нора Джеруто әлем чемпионатының финалына шықты
    Нора Джеруто. Фото: prosports.kz

    АҚШ-тың Орегано штатына қарасты Юджин қаласында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталды. Аталған сынға Қазақстан атынан 12 атлет сынға түсуде. Олардың қатарында кениялық легионерлер де бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қазақстандық Нора Джеруто финалға шықты. Ол іріктеу кезеңін 09:01:54 уақыт көрсеткішінде аяқтап, жалпы қатысушылар арасынан 1-орынмен ақтық сынға өтті. Демек, Джерутоның алтынға таласатын мүмкіндігі зор.

    Осы қашықтықта сынға түскен тағы бір қазақстандық спортшы Дейзи Джемпекей жарысты 19-орынмен аяқтап, іріктеуден аса алмады.

    3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден финалдық кезең 20 шілдеге жоспарланған.

    Қазақстан атынан финалға шыққан спортшылар арасында тағы бір атлет бар. Ол - биіктікке секіруден ел намысын қорғайтын Надежда Дубовицкая. Ол 1.93 метрді бағындырып, финалға өтті.

    Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты 24 шілдеде мәресіне жетеді.

    Қазақстан намысын қорғайтын кениялық қыз әлем чемпионатының алтынына таласады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.