Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық ауыр атлет Ислам ойындарының чемпионы атанды

Опубликовано:

ауыр атлет
Айзада Мүптилда. Фото: Prosports.kz

Қазақстандық ауыр атлет Айзада Муптилда Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды, деп жазады Prosports.kz.

Басылымның хабарлауынша, Айзада Муптилда +87 келі салмақта өнер көрсетіп, серпе көтеруден 116 келіні, жұлқа көтеруден 150 келіні бағындырып, Ислам ойындарында рекорд орнатқан.

Қоссайыс қорытындысы бойынша 266 келіні бағындырған Айзада алдына жан салмай, чемпиондық тұғырға көтерілген.

Тағы бір қазақстандық Любовь Ковальчук дәл осы салмақта серпе көтеруден 114 келіні, жұлқа көтеруден 147 келіні бағындырып, жалпы есепте 261 келімен күміс жүлдеге ие болған.

Еске сала кетсек, Түркияның Конья қаласында Ислам ынтымақтастығы V ойындары өтіп жатыр. Исламиадада Қазақстан намысын қорғауға 125 спортшы барған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1983331-qazaqstandyq-auyr-atlet-islam-oiyndarynyn-cempiony-atandy/

pixel