jitsu gif
Спорт

    Қазақстандық жеңіл атлет әлемдік турнирдің финалында жүлдеге қол созым жерден тоқтады

    Надежда Дубовицкая финалда төртінші орын алды
    Надежда Дубовицкая: olympic.kz

    Швейцарияның Цюрих қаласында жеңіл атлетикаладан "Гауһар лигасының" финалы өтті. Бұл сынға Қазақстан атынан қос спортшы аттанған, деп хабарлайды kazsports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Биікке секіруден сынға түскен Надежда Дубовицкая финалда жүлдеден дәмелі болған. Алайда отандасымыз 1.91 метрді бағындырып, 4-орыннан көрінді. Үшінші орын алған Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Никола Олислагерстың (Австралия) үздік нәтижесі 1.94 метр. Бұл бағдарламада украиналық Ярослава Магучих топ жарды (2.04 метр).

    Айта кетейік, Надежда мамыр айында Юджиндегі (АҚШ) "Гауһар лигасының" 3-кезеңінде қола медаль жеңіп алған еді (1.93 м). Сондай-ақ ол Азия рекордының иегері, жабық кешендегі әлем чемпионатының қола жүлдегері.

    Ал 3 мың метрге жүгіруде жарыс жолына шыққан Дейзи Джепкемей финалда мәреге 10-болып келді. Дейзи бұл қашықтықты 9:47.50 секундта бағындырды.

    Цюрихте жеңіске жеткен атлеттер 30 мың АҚШ доллары сыйақыға ие болды.

    Қазақстандық жеңіл атлет әлемдік турнирдің финалында жүлдеге қол созым жерден тоқтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.