jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық Евгений Федоров велоспорттан әлем чемпионы атанды

    Евгений Федоров
    Евгений Федоров мәре сызығын бірінші болып кесті. Фото: John Rohlhoff

    Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Евгений Федоров Воллонгонгтағы (Аустралия) Әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ол топтық жарыста үздік атанды (169.8 шақырым).

    Мәреге екінші болып Матиас Вачек (Чехия) келді. Норвегия намысын қорғаған Сорен Вереншельд қола жүлдені қанағат тұтты..

    "Жарыс өте қиын болды. Мен үлкен дайындықпен келдім. Барлығы менен нәтиже күтті. Бұл қиынға соқты. Мен ешкімге жеңіске жетем деп уәде бермедім. Ұзақ дайындалдым, жаттықтырушылар штабы мені осы мақсатқа бағыттады, соның ішінде Испанияның Вуэльтасында дайындық шарасына қатыстым. Көріп тұрғандарыңыздай, жеңіске жеттім. Қанша эмоция бар! Қандай ауыр күн болғанын айту қиын. Жаңбыр. Мен өте қуаныштымын. Командаға және маған көмектескендердің барлығына рақмет", - деп атап өтті отандасымыз.

    Айта кетейік, Қазақстан бұл турнирде соңғы рет 10 жыл бұрын жеңіске жеткен. Онда Алексей Луценко чемпион атанған.

    Қазақстандық Евгений Федоров велоспорттан әлем чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.