jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Көшпенділер ойыны": Қазақстандық көкпаршылар Қырғызстанды жеңіп, чемпион атанды

    Қазақстан құрамасы көкпар ойнауда
    Көкпар. Фото: baq.kz

    IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталуға жақын. Бүгін Қазақстан құрамасы көкпардан ақтық сында ойнап, Қырғызстаннан жеңісті жұлып алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Көкпар Көшпенділер ойындарының бағдарламасына тұңғыш рет еніп отыр, осыған дейін шабандоздар көкбөрі ойнаған болатын.

    Көкпардан Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Моңғолия, Өзбекстан, Ауғанстан, Венгрия командалары келді. Ауғанстан аттарының мәселесі шешілмеуіне байланысты ойын көрсете алмады.

    Көкпардан Қазақстан құрамасы алғашқы ойынды Өзбекстанмен ойнап, 8-1 есебімен жеңіске жетті.

    Екінші ойынды Моңғолия құрамасымен ойнап, 12-2 есеп айырмашылығымен финалға шықты.

    Финалда Қырғызстанның командасымен ойнаған құрама жоғары дәрежедегі ойын үлгісін көрсетті.

    Ұлттық құрама мүшелері Ұ.Байтөреев, А.Нышанбеков, Қ.Тұрғанбек, А.Жамалбеков, Қ.Тоғайбаев, Е.Құрманбай, Б.Әзімбаев, И.Рәт, Д.Айтан, А.Бердіқұл, Ы.Әліпбаев, Ә.Мамыт ел намысын абыроймен қорғады.

    Қырғыз шеңберіне Әділет Мамыт 2 салым, Құрманбек Тұрғанбек 1 салым, Абылайхан Нышанбеков 1 салым салды.

    Айта кетелік, көкпардан Қазақстан мен Қырғызстан командалары ежелгі қарсылас саналады.

    "Көшпенділер ойыны": Қазақстандық көкпаршылар Қырғызстанды жеңіп, чемпион атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.