jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Қызылордалық ауыр атлет Манамадағы Азия чемпионатында алтын алды

    Асылжан Бектай Азия жеңіс тұғырында. Манама, 13 қазан 2022 жыл
    Асылжан Бектай. Фото: kazsports.kz

    Қазақстандық зілтемірші Асылжан Бектай Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 89 келіге дейінгі салмақта топ жарды, деп хабарлайды Спорт дирекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қызылордалық спортшы жұлқа көтеруде 165 келімен күміс медаль алса, кейін 197 келі зілтемірді серпе көтеріп, алтынға қол жеткізді. Жалпы есепте 362 келіні еңсерді.

    Күмісті Асылжаннан небәрі бір келіге қалып кеткен қырғыз Эмиль Молдодосов (361 кг) жеңіп алса, қола ирандық Масуд Шатраиге бұйырды (358 кг).

    Осы салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық Кирилл Староверкин жалпы есепте 330 келімен (153+177) 7-орынға тұрақтады.

    Асылжан 2017 жылы Бангкокте (Тайланд) өткен ауыр атлетикадан 17 жасқа дейін жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған. Ол 2000 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген.

    7 сыныптан бастап ауыр атлетика секциясына қатысып келеді. Бұған дейін жасөспірімдер арасында екі мәрте Қазақстан чемпионатының (2015, 2017 жж.) және Кубогінің (2016 ж.) күміс жүлдесін иеленді. Ауыр атлетикадан ҚР спорт шебері. Бапкері – Қалдыбай Тоқбаев.

    Айта кетейік, осыған дейін Манамада Зульфия Чиншанло жеңімпаз атанып, Арли Чонтей қола жүлдеге ие болған.

    Қызылордалық ауыр атлет Манамадағы Азия чемпионатында алтын алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.