Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Эквадор ойыншысы әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісін марқұм болған досына арнады

Жарияланған күні:

Ойыншылар голды тойлауда
Ойыншылар голды тойлауда. Фото: twitter/FIFAWorldCup

Катардағы әлем чемпионатының алғашқы матчында Эквадорға жеңіс сыйлаған Эннер Валенсия өз голын марқұм болған досына арнады. Бұл туралы Bassport.kz сайты хабарлайды.

Жарыс иелері Катарды 2:0 есебімен жеңген Эквадор құрамасының ойыншысы Эннер Валенсия дубль авторы атанып, соққан екі голын да досына арнады.

Эквадор құрамасы мен “Бермингем” командасының экс-ойыншысы Кристиан Бенитес футбол жанкүйеріне жақсы таныс. Оның 27 жасында жүрегі тоқтап қалған және сол сәтте ол Катар астанасында болған.

Эннер Валенсия ғана емес, Катар ойыншылары да соғылған екі голды Бенитеске арнады. Олар гол соғылған соң аспанға қолдарын көтеріп, Эквадордың экс-ойыншысын еске алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1998179-ekvador-oiynsysy-alem-cempionatyndagy-algasqy-zenisin-marqum-bolgan-dosyn-arnady/