jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Қытайда тұратын қандасымыз 10 мыңнан аса адам қатысқан марафонда бас жүлдені жеңіп алды (фото)

    Мәреге бірінші болып жеткен Еділ Нұрболатұлы
    Мәреге бірінші болып жеткен Еділ Нұрболатұлы. Фото: mp.weixin.qq.com

    Қытайда тұратын этникалық қазақ Еділ Нұрболатұлы елдің Чэнду қаласында өткен ерлер арасындағы жартылай марафонда бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қытайдың CNR ақпарат порталына сілтеме жасап.

    Қытайлық БАҚ-тың мәліметінше, 20 қараша күні 10 мыңнан астам адам Чэндуда өткен марафонға қатысқан.

    Осы марафонда Шыңжаңның Алтай аймағынан келген Еділ Нұрболатұлы 1 сағат 8 минут 43 секунд нәтижемен ерлер тобында бас жүлдені жеңіп алған.

    "Бұл – оның алғаш рет мемлекеттік деңгейдегі марафон жарысына қатысуы", - деп жазады қытайлық БАҚ.

    Еділ Нұрболатұлының бас жүлдені жеңіп алған сәті
    Қытайдағы қандасымыз Еділ Нұрболатұлы. Фото: Mp.weixin.qq.com

    CNR -дің дерегінше, 19 жастағы Еділ Нұрболатұл кішкентайынан жүгіруге қызыққан. Еділді әкесі Алтай аймақтық жеңіл атлетика командасына кәсіптік тәрбиеге берген. 2019 жылы ол Шыңжаң Ұйғыр автономиялы өлкелік жасөспірімдердің жеңіл атлетика жарысында (3000 және 5000 метр аралыққа жүгіру жарысы) бас жүлде алған.

    Кейін Шыңжаң өлкелік спорт және дене шынықтыру істері мекемесінің дене тәрбиесі бойынша командасына қабылданып, жаттығуын жалғастырған.

    Еділ Нұрболатұлы биылғы 28 қазанда Қытайдың Жыжияң өлкесінің Чуйжоу қаласында өткен мемлекеттік жеңіл атлетика жарысына қатысқан. 1500 метрге жүгіру жарысында ол 3 минут 48 секунд нәтижесімен үшінші орын, 5000 метрлік жарыста 14 минут 18 секунд нәтижесімен төртінші орын алған.

    Осылайша Еділ өзінің спорт тарихындағы ең жоғары нәтижені көрсеткен.

    Қытайда тұратын қандасымыз 10 мыңнан аса адам қатысқан марафонда бас жүлдені жеңіп алды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.