Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның әнұраны балиде шырқалды: Titan Gaming турнирде жеңіске жетті

Опубликовано:

Parimatch Titan Gaming
Фото: Parimatch

Күні кеше ғана барша қазақстандық пабликтер PUBG MOBILE бойынша Қазақстанның флагманы болып табылатын киберспортшылардан құралған Titan Gaming командасының IESF BALI WORLD CHAMPIONSHIP халықаралық турнирінде бірінші орын алғаны туралы жарыса жазғаны есімізде. Жеңіс үшін өткен күрес тартысты болғаны белгілі – жарысқа 109 елдің киберспортшылары қатысты. Біз жігіттерден оқиғаның анық-қанығын білуге тырыстық.

1-12 желтоқсан аралығында Бали аралының тарихында бірінші рет, алайда 109 мемлекет өкілдерінің басын қосқан киберспорттан әлем бойынша 14-ші чемпионат өтті. Командалар DOTA-2, CS:GO, Mobile Legends, PUBG MOBILE және Fighting games ойындары сияқты аймақтық және ұлттық іріктеу ойындарында жүлделі орындар үшін күресуге шақырылды.

PUBG MOBILE сайысында Titan Gaming командасының жігіттері FIRE FLUX (Түркия) және R8 (Сауд Арабиясы) командаларындағы қарсыластарынан асып түсіп, 1-орын мен 50 000 АҚШ долларын иеленді. Айта кету керек, бұл командалар арасындағы бірінші текетірес емес - бұрын киберспортшылар PMGC-де - PUBG Mobile бойынша ауқымды чемпионатта күш сынасқан. Бұл жолы да қызықты сәттердің болғаны анық:

"Ең есте қаларлық сәт 3-ші күні 4-картада болды: біз Брунейді жабамыз деп шештік, себебі біз 15 ұпайға артта қалдық. Біз үшін Брунейді жабу соңғы ойын алдында оларға мүмкіндігінше жақындау дегенді білдірді, біз екіні жауып тастадық, ал сәл кейінірек өзіміз лоббиге ұшып кеттік. Барлығы соңғы ойында шешілді, жақсы ойнап, Әлем чемпионатын жеңіп алдық. Біз өз ойынымызды ойнадық, әрине, қателер де болды, алдағы уақытта оларды түзетуге тырысамыз", - деп еске алады команда мүшелері.

Қиындықтарға қарамастан жігіттер Қазақстанның әлемдік киберспорттың болашағында маңызды рөл атқаратындығын тағы да дәлелдеді.

"Бұл жеңіс бізге танымалдылық әкелді және де Қазақстандағы киберспорттың дамуына көмектеседі деп сенеміз. Бұл біздің ел үшін киберспорт командаларының қатысуымен өтетін мереке – Қазақстанда мұндай үлкен жеңістер бұрын-соңды болмаған. Біз елімізге осындай жеңіс әкелгенімізге өте қуаныштымыз!", - деп Titan Gaming бас директоры Александр Рыбачук пікір білдірді.

Айтпақшы, жігіттер әлемдік киберспорт аренасында еліміздің намысын бірінші рет қорғап отырған жоқ. Қазақстанның екі дүркін және қазіргі чемпионы бола отырып, олар соңғы жарты жыл ішінде PMPL AFRICA LEAGUE STAGE (1-орын), PMLP AFRICA FINALS (2-орын), IESF BALI ASIA QUALIFICATION (1-орын), PMPL MEA CHAMPIONSHIP (4-орын) сияқты беделді турнирлерде жүлделі орындарға ие болды. Енді команданың қоржынында тағы 1 жүлделі орын қосылғанына қарамастан, спортшылар мұнымен тоқтап қалмайтынын жеткізді:

"Біз аралда бір-екі күн демалуды жоспарлап отырмыз, содан кейін 2022 жылдың 22-25 желтоқсанында өтетін, жалпы жүлде қоры $50 000 құрайтын STAR CHALLENGE-ге дайындалу үшін елге ораламыз. Әрине, біз үшін осы жетістіктің орны бөлек, қиын іріктеуден өтіп, жеңіске лайық екенімізді дәлелдей алдық, бірақ бұл баяулау керек дегенді білдірмейді. Алдағы уақытта да жеңіске жетуге тырысамыз", - дейді команда капитаны Дамир AXZCER Омаров.

Келесі жарыстан бөлек, команда қазақстандық жанкүйерлерімен кездесуді жоспарлап отыр. Жігіттердің өздері мойындағандай, кез келген спортшыны жаңа жетістікке талпындыратын күш – ол қолдау білдіру. Әлеуметтік желілердегі көптеген қызу пікірлерімен қатар, жігіттерді жеңісімен басты серіктестері - Parimatch Kazakhstan компаниясы да құттықтады:

"Бұл күллі Республика үшін үлкен жеңіс! Қазақстандық киберспортшылар көптен бері жоғары деңгейдегі ойынын көрсетіп келеді, оның үстіне бұны Titan Gaming командасындағы достарың іске асырса, төбең көкке жеткендей болады. Команданың болашағы зор екеніне шын жүректен сенімдімін. Биыл жігіттер PMGC гранд-финалына өте алмаса да, планетаның ТОП-18-нің қатарына енуі де керемет нәтиже. Алда Қазақстанда киберспортты танымал ету үшін бізді көп жұмыс күтіп тұр және біз осындай мықты серіктестермен бұл мақсатқа оңай жететіндігімізге сенімдіміз", - деп Parimatch Kazakhstan компаниясының киберспорт бағытындағы менеджері Сергей Минич өз жоспарларымен бөлісті.

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2001412-qazaqstannyn-anurany-balide-syrqaldy-titan-gaming-turnirde-zeniske-zetti/