Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы Чилимен Дэвис кубогінің іріктеу матчын өткізеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.
Матч сырт алаңда 4-5 ақпанда өтеді деп жоспарланып отыр.
Федерация ұсынған ақпаратқа сәйкес, Юрий Щукин бастаған бапкерлер штабы Чилиге қарсы өнер көрсететін құраманы анықтады.
Ел намысын қорғайтын теннисшілер:
- Александр Бублик (ATP рейтингісінде 36-орында),
- Тимофей Скатов (124, ATP),
- Михаил Кукушкин (195, ATP),
- Андрей Голубев (49, ATP жұптық рейтингісі),
- Александр Недовесов (55, ATP жұптық рейтингісі).
Матч жеңімпазы Дэвис кубогының финалдық кезеңіне жолдама алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2004302-devis-kubogy-matcyna-qatysatyn-qazaqstan-quramasy-belgili-boldy/