jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Бір аяғынан айырылған Ербол Хамитов Қазақстанға тағы бір медаль сыйлады

    Ербол Хамитов жеңіс тұғырында
    Ербол Хамитов жеңіс тұғырында. Фото: csp-parasport.kz

    Швецияның Эстерсунд қаласында өтіп жатқан парашаңғы мен парабиатлоннан әлем біріншілігінде қазақстандық Ербол Хамитов үшінші медалін жеңіп алды, деп хабарлайды csp-parasport.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ербол Хамитов парабиатлоннан 12,5 шақырымға жарысудан әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды. Оның уақыт көрсеткіші - 41:37,9.

    Бұл қашықтықта алтын медальді америкалық Арон Пайк, күмісті германиялық Скот Минах жеңіп алған.

    Еске сала кетейік, Ербол Хамитов әлем чемпионатындағы үшінші жүлдесіне қол жеткізіп отыр. Бұған дейін ол парабиатлоннан 7,5 шақырымға жарысудан қола медаль иеленсе, парашаңғыдан спринтерлер арасындағы сайысты әлем чемпионы атанды.

    Ербол Хамитов 19 жасында оқ жарақатынан бір аяғынан айырылған. Алғашында ережесіз жекпе-жекпен шұғылданған кәсіби спортшы бүгінде параспорттан ел намысын абыроймен қорғап жүр.

    Бір аяғынан айырылған Ербол Хамитов Қазақстанға тағы бір медаль сыйлады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.