Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің үздік он теннисшісінің қатарына енді

Опубликовано:

Рыбакина
Елена Рыбакина мен Болат Өтемұратов. Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Халықаралық әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингті жаңартты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңартылған рейтингте үздік ондықтың қатарынан көрінді. Бұл - отандық теннисші үшін рекордтық көрсеткіш. Оның бұдан бұрынғы үздік нәтижесі 12-саты еді.

Айта кетейік, рейтингті Аустралия ашық біріншілігінде қазақстандық теннисшіге есе жіберген польшалық Ига Швентек бастап тұр.

Екінші сатыда Australian Open-2023 турнирінің жеңімпазы - Арина Соболенко.

Үздік үштікті өткен жылы "Уимблдон" турнирінде Елена Рыбакинаға есе жібрген тунистік Онс Жабер қорытындылады.

Сонымен қатар Аустралия ашық біріншілігінің жартылай финалында Қазақстан спортшысына жол берген Беларусь өкілі Виктория Азаренко он алтыншы орынға көтерілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2007242-elena-rybakina-kezekti-tarixi-natizege-qol-zetkizdi/

pixel