
Индонезия астанасы Джакартада винтовка және тапаншамен нысана көздеуден Әлем Кубогынде ел қоржынына тағы бір медаль түсті, деп жазады Спортты дамыту дирекциясы.
Ерлер арасында 10 метрден пневматалық винтовкамен нысана көздеуде Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанды.
Финалда отандық спортшылар Аустрияға 16-8 есебімен есе жіберді.
Ел намысын Константин Малиновский, Никита Шахторин мен Ислам Сәтпаев қорғады.
Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы 2 күміс және 1 қола медальмен жалпы командалық есепте 7-орында тұр.
Айта кетейік, Джакартадағы бәсекеге барлығы 15 қазақстандық спортшы аттанды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2007446-vintovka-zane-tapansamen-nysana-kozdeuden-alem-kubogy-el-qorzynyna-tagy-bir-medal-tusti/