Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Беларусь біріншілігінің үздік ойыншыларының бірі "Атырау" сапына қосылды

Опубликовано:

Игорь Стасевич
Игорь Стасевич жасыл алаңда. Фото: "БАТЭ" футбол клубының баспасөз қызметі

Игорь Стасевич "Атырау" ойыншысы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Игорь Стасевич “Атырау” футбол клубымен келісімшартқа қол қойды. Игорьге ақ-жасылдар сапында жаңа жеңістерде бағындыруды тілейміз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 37 жастағы Игорь Стасевич - футболдан Беларусь біріншілігінің үш маусымдағы үздік ойыншысы.

Ол "БАТЭ" сапында 413 матч өткізіп, 63 гол салған және 140 нәтижелі пасымен көзге түскен.

Оның соңғы клубы ресейлік "Чайка".

Сонымен қатар Игорь Стасевич Беларусь құрамасында да өнер көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2007475-belarus-birinsiliginin-uzdik-oiynsylarynyn-biri-atyrau-sapyna-qosyldy/

pixel