Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

CS:GO бойынша жаһандық турнирдің көрсетілімдері қазақ тілінде қолжетімді болмақ

Опубликовано:

турнира по CS:GO
Фото: Parimatch

2022 жылдың тамызынан бастап 2024 жылдың қаңтарына дейін бүкіл әлем бойынша The Champion of Champions Tour ауқымды киберспорт іс-шарасы аясында CS:GO турнирлері өтуде. Онлайн-кезеңіндегі алғашқы матчтары жүргізіліп үлгерді, алдағы уақытта қазақстандықтар алғаш рет бір жыл бойы тікелей эфирде қазақ тілінде тамашалай алатын тамаша жекпе-жектер күтіп тұр.

The Сhampion of Champions Tour-бұл әлемнің 7 аймағын қамтитын , спорт тарихындағы ең үлкен жүлде қоры 3,4 миллион долларды құрайтын, CS:GO бойынша жаһандық турнирлерінің сериясы. 2024 жылдың басына дейін командалар онлайн және офлайн турнирлердің жалпы марафонына қатысып, келесі кезеңге өту үшін ұпай жинайтын болады. Іс-шараның шарықтау шегі аренадағы жаһандық финал болады.

Ұпайлар жүйесі әр ойын сайын жақсы нәтиже көрсететін ең тұрақты командалар марапатталатындай етіп жасалған , яғни финалдың алдында үздіктер қатарына бірден қосылып кету мүмкіндігі болмайды.

Осы айдан бастап Қазақстандағы киберспорт әуесқойлары Parimatch беттинг-компаниясы мен танымал қазақстандық блогер LEO KZ серіктестік жобасы аясында қазақ тіліндегі ресми трансляциялардағы оқиғалардың дамуын бақылай алады.

Естеріңізге сала кетейік, 16 ақпанда Орталық Еуропа өңірінде әлемнің ең атақты командалары-"ENCE", "Team Spirit", "Sprout" қатысатын алғашқы LAN — финалы басталады. Тікелей эфирлер маусымның соңына дейін @LEOKZcsgo Youtube арнасында көрсетіледі.

LEO KZ
LEO KZ. Фото: Parimatch

LEO KZ, қазақ тілінде киберспорт бойынша контент жасайтын алғашқы және сирек кездесетін блогерлердің бірі, алдағы жобаға өз пікірін бөлісті:

"Мен YouTube-те өз арнамды алғаш бастаған кезде қазақ тілінде, әсіресе ойын индустриясында контент өте аз болды. Мен ана тілімнің дамуына өз үлесімді қосып, киберспортты негізінен қазақ тілді аудиторияның түсінуі үшін қолжетімді еткім келді. Содан бері осыған ұқсас контентке сұраныс артты және мен Parimatch сияқты ірі компаниялардың оның одан әрі өсуіне ықпал етуге дайын екендігіне қуаныштымын. The Champion of Champions Tour бойынша трансляцияларды іске қоса отырып, біз қазақ тілінде түсініктеме беруді дамытуды және Қазақстанда киберспортты танымал етуді жоспарлап отырмыз. Бұл болашақта біз үшін одан да көп мүмкіндік ашатын перспективалы бастама, осыған орай мен бұл бастаманы іске асыруды асыға күтудемін".

Parimatch халықаралық беттинг-компаниясы "Team Secret" және "00Nation" жаһандық киберспорт ұйымдарының, сондай-ақ PUBG MOBILE бойынша "Titan Gaming" қазақстандық командасының басты серіктесі болып табылады. Компания осы саладағы ойын индустриясының қарқынды дамуы мен әлеуеті туралы жақсы біледі. Parimatch Kazakhstan-ның киберспорт бағытындағы менеджері Сергей Минич келесіні хабарлайды:

"Киберспортқа деген қызығушылық артқан сайын, жоғары сапалы жергілікті контент мен танымал спорт салалары бойынша ірі оқиғаларды трансляциялаудың жетіспеушілігі арта түскенін байқауға болады. Біздің LEO-мен жасаған жобамыз осы жағдайды шешуде біріншілер қатарында болмақ. Орталық Еуропаның алдағы финалы біз үшін жақсы сынақ болады. Болашақта бұл ұзақ және табысты серіктестікке айналады деген үміттемін. Осылайша, біз Қазақстанда киберспорттың дамуына ғана емес, жалпы қазақ тілді контенттің дамуына үлес қосып, ойын индустриясына қызу қызығушылық танытқан спорт комментаторларының жаңа буынына жол ашамыз".

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2009338-csgo-boiynsa-zahandyq-turnirdin-korsetilimderi-qazaq-tilinde-qolzetimdi-bolmaq/

pixel