jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық спортшы Африка кубогында жеңімпаз атанды

    Аян Бейсенбаев
    Аян Бейсенбаев. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

    Қазақстандық триатлоншы Аян Бейсенбаев Оңтүстік Африка республикасында өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Ұлттық Олимпиада комитетінің Телеграм каналына сілтеме жасап.

    Africa Triathlon Cup Maselspoort турнирінде отандық спортшы мәре сызығын бірінші болып кесті. Ол қашықтықты 00:55:28 уақытта бағындырды.

    Екінші орын Люксембург өкілі Боб Холлерге бұйырса, үздік үштікті ирландиялық Джеймс Эдгар қанағат тұтты.

    Аталған жарысқа қатысқан тағы бір қазақстандық спортшы Темірлан Теміров жетінші сатыдан көрінді.

    Қазақстандық спортшы Африка кубогында жеңімпаз атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.