Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Parimatch Foundation кикбоксингтен Қазақстан чемпионатына қолдау көрсетті

Опубликовано:

Parimatch
Фото: Parimatch

Қостанай қаласында 1-4 наурыз аралығында Parimatch Foundation халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен жастар арасында Мұрат Бегежанов пен Асылхан Бусурмановты еске алу құрметіне кикбоксингтен Қазақстан чемпионаты өтті.

Жыл сайын өтетін кикбоксингтен республикалық чемпионатқа Қазақстанның 18 өңірінен 2005-2006 жылғы 265 жасөспірім жиналды. Жас жауынгерлер төрт күн бойы күш-жігерлерін, жаттығулардан алған дағдыларын көрсетті. Жарыста 4 алтын, бір күміс және 5 қола медаль жеңіп алған қостанайлық спортшылар ерекше көзге түсті.

"Чемпионат жоғары деңгейде өтті. Мұны Қазақстан құрамасының бас бапкері және штаттық команданың мемлекеттік бапкері де өте жақсы деп бағалады. Біз Parimatch Foundation қайырымдылық қорына турнирді ұйымдастыруға демеушілік көрсеткені үшін, сондай-ақ біздің аймағымызда кикбоксингтен биік шыңдарды бағындыруға және жаңа чемпиондарын тәрбиелеуге мүмкіндік беріп, қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз. Оның нәтижесі - біздің спортшылар 265 қатысушы арасында 10 жүлделі орынға ие болды. Бұл біздің ұзақ және жемісті ынтымақтастығымыздың бастамасы ғана деп үміттенеміз", - дейді Қостанай облысының аға жаттықтырушысы Аскер Макубаев.

Parimatch Foundation үнемі медальдармен оралып отыратын, қостанайлық жас кикбоксшыларды республикалық турнирлерге қатысуға бірнеше рет қолғабыс етті. Сонымен қатар, қордың ұйымдастыруымен Қостанайда Қазақстан және Әлем кубогының екі дүркін чемпионы Талғат Букбасаровтың басшылығымен балаларға арналған жаңа топ ашылды.

"Кикбоксинг балалар мен ата-аналар арасында тез танымал болып келеді. Қазақстанда осы спорт түрінің одан әрі дамуы үшін жалпыға қол жетімді секциялар мен тәжірибелі жаттықтырушылар ғана емес, сонымен қатар спортшылар өз дағдыларын іс жүзінде қарсыластарына қарсы шыңдай алатын тұрақты жарыстар қажет. Балалар жарыста көрсеткен өнерлерінен жарқын әсер алып, жаңа жеңістерге шабыттанып, екі еселенген күшпен жаттығуға оралуы үшін Қостанайда чемпионатты ұйымдастыруға өз үлесімізді қосқанымызға қуаныштымыз", - дейді Қазақстандағы Parimatch Foundation жобаларының маманы Инга Қайыржан.

Parimatch Foundation халықаралық қайырымдылық қоры 2019 жылдан бастап спорт және инновациялық білім беру бағыттарында қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын іске асыруда өз үлесін қосуда. Қор жас ұрпақтың салауатты және саналы болашағына үлес қосып, спортты, салауатты өмір салтын, қозғалысты және физикалық белсенділікті насихаттайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2012698-parimatch-foundation-kikboksingten-qazaqstan-cempionatyna-qoldau-korsetti/