Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакина атақты теннисші Серена Уильямстің тарихи нәтижесін қайталады

Жарияланған күні:

Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: Tim Nwachukwu/Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина тағы бір тарихи нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

OptaAce басылымы ұсынған ақпаратқа сәйкес, отандық теннисші соңғы төрт ойында 10 және одан көп эйс жасаған.

Осылайша, Елена Рыбаки атақты америкалық теннисші Серена Уильямстің тарихи нәтижесін қайталап отыр.

Айта кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы Майами WTA 1000 турнирінде Анна Калинскаямен кездесуде 14, Паула Бадосамен ойында 12, Элиза Мертенспен өткен матчта 10 эйс жасады.

Сонымен қатар Елена Рыбакина ширек финалда Мартина Тревизанмен болған ойында тағы 10 эйске қол жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2014478-elena-rybakina-ataqty-tennissi-serena-uilyamstin-tarixi-natizesin-qaitalady/