АҚШ-та өтіп жатқан Майами WTA 1000 турнирінің финалына шыққан Елена Рыбакинаның қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Айта кетейік, беделді жарыстың жартылай финалында отандық теннисші АҚШ өкілі, әлемнің үшінші ракеткасы Джессика Пегуладан басым түсті.
Осылайша, Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің ақтық мәресіне шыққаны үшін 662 360 доллар мен 650 рейтингтік ұпайға ие болды, деп жазады Sports.kz.
Енді Қазақстанның бірінші ракеткасы финалда бас жүлде үшін әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитова немесе рейтингте 74-сатыда тұрған Румыния өкілі Сорана Кырстяның біреуімен ойнайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2014850-aqs-tagy-bedeldi-turnirdin-finalyna-syqqan-elena-rybakina-qansa-tabys-tapty/