Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанға тарихи алтын сыйлап, 20 жасында мүгедек арбасына таңылған жігіттің тағдыры қалай өрбіді (видео)

Опубликовано:

Евгений Левкин Азиаданың медалімен
Евгений Левкин. Фото: instagram/levkin.comm

Евгений Левкин - шаңғымен тұғырдан секіруден 2011 жылғы Азия ойындарының чемпионы. Ол аталған спорт түрінен Қазақстанға тұңғыш әрі жалғыз алтынды сыйлаған спортшы. Өкінішке қарай, ауыр апаттан соң ол жүруден қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Евгений Левкиннің өмірі апатқа дейінгі және кейінгі болып екіге бөлінеді. Ол 2011 жылғы Азия ойындарында Қазақстанға тарихи алтын медаль сыйлап, ел әнұранын шырқатқан болатын.

Мамандар мен жанкүйерлер спортшының болашағынан үлкен үміт күткен. Алайда оның тағдыры көпшілік ойлағандай болмады.

2012 жылы қазақстандық спортшылар мінген автөкөлік жол апатына ұшырады. Апаттан соң көлік салонындағы адамдар жарақат алады. Бірақ Евгений бәрінен де ауыр жарақатқа душар болған. Дәрігерлер оның мойын омыртқасының үзілгенін айтып, спортшы 20 жасында мүгедектер арбасына таңылды.

Десе де, спортшы тағдырдың ауыр сынағынан еш мұқалған жоқ. Ол он жылдан бері тынымсыз еңбектеніп, көпшілік қатарлы аяғына нық тұру үшін барын салуда. Евгений отбасын құрып, сәбилі болып та үлгерген.

Бүгінде ол өзі чемпион атанған "Сұңқар" трамплин кешенінде жұмыс істейді. Сондай-ақ хоккей матчтарын жүргізіп, өзін комментатор ретінде де сынап көруде.

Евгений Левкин мүгедек жандар үшін көліктің жоқтығы қиын екенін айтады.

"Бес мың мүгедек адамға небары 12 инвотакси қарастырылған. Біраз жұмысты жоспарлап қоясың, ал сен үшін такси келмеуі мүмкін. Ал көлік сатып алсам, оны тек қолмен жүргізетіндей етіп ыңғайлап алатын едім. Қазір біраз ақша жинап қойдым, бірақ өз қаражатым жетпейді. Көпшіліктен көмек сұрауды жөн көрдім", - дейді Левкин желідегі парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2016683-qazaqstanga-tarixi-altyn-syilap-20-zasynda-mugedek-arbasyna-tanylgan-zigittin-tagdyry-qalai-orbidi-video/

pixel