jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Болат Сақаев өзбекстандық Олимпиада жүлдегерін жеңіп, Азия чемпионы атанды

    Болат Сақаев кілемде
    Болат Сақаев. Фото: uww.org

    Еркін күрестен Қазақстан командасының қоржыны тағы бір алтынмен толықты. 79 келідегі Болат Сақаев Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Болат Сақаев финалда Өзбекстан күресінің жарық жұлдызы, әлем чемпионаты мен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін Азия чемпионы Бекзод Абдурахмоновпен кездескен болатын.

    Тартысты жекпе-жекте Сақаев 7:4 есебімен жеңіске жетті. Қазақ балуаны азулы қарсыласынан еш қорықпай, өз мансабында тұңғыш рет Азия чемпионы атанды.

    Сондай-ақ бүгін 70 келідегі Санжар Досжанов алтыннан алқа тағып, 57 келідегі Рахат Қалжан қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

    Күрестен Азия чемпионаты ертең мәресіне жетеді.

    Болат Сақаев өзбекстандық Олимпиада жүлдегерін жеңіп, Азия чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.