Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рыбакинадан екі рет жеңілген үздік теннисші әлемнің ең ықпалды жүз адамының қатарына енді

Опубликовано:

теннис
Елена Рыбакина дайындық кезінде. Фото: Қазақстанның теннис федерацияссы

Әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек Time нұсқасы бойынша әлемнің ең ықпалды жүз адамының қатарына енді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі журналдың ресми сайтына сілтеме жасап.

Тізімде әлемнің бірінші ракеткасынан бөлек спортшылардың арасынан "ПСЖ" шабуылшылары Лионель Месси (Аргентина) мен Киллиан Мбаппе (Франция), баскетболшы Бриттни Грайнер (АҚШ), Әлем кубогындағы жеңістер саны бойынша рекорд орнатқан тау шаңғышысы Микаэла Шиффрин (АҚШ) және Ұлттық футбол лигасында өнер көрсететін Патрик Махомес (АҚШ) бар.

Айта кетейік, Елена Рыбакина мен әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентек өзара үш рет кездескен. Оның екеуінде отандық теннисшінің жолы болған. Бір кездесу Польша өкілінің пайдасына аяқталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2016781-rybakinadan-eki-ret-zenilgen-en-uzdik-tennissi-alemnin-en-yqpaldy-zuz-adamynyn-qataryna-endi/

pixel