jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "Сенсация жасады": Бибісара Асаубаева алғашқы кездесуде әлемнің үздік шахматшысын жеңді (видео)

    шахматшы
    Бибісара Асаубаева. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлем мен Қазақстан әйелдер құрамасы арасындағы алғашқы кездесуде шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы, қытайлық Хоу Ифаньды жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бұл туралы ақпарат alga.peterburg Instagram парақшасында жарияланды.

    "Бибісара Асаубаева шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы Хоу Ифаньды "берілуге" мәжбүр етті.

    Түсінікті болу үшін айтайын, Бибісара әйелдер арасында ФИДЕ рейтингінде жоғары тұрған шахматшыдан басым түсті.

    Бұл - нағыз сенсация!

    Бибісараның 2021 жылы шахмат тарихындағы ең жас блиц чемпионы атанғаны белгілі. Соның арқасында ол Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ал 2022 жылы Бибісара блицтен екі дүркін әлем чемпионы болды.

    Бүгін де Бибісара бізді керемет жаңалықпен қуантуда, мәселен, осындай тамаша жеңіс!" - делінген хабарламада.

    "Сенсация жасады": Бибісара Асаубаева алғашқы кездесуде әлемнің үздік шахматшысын жеңді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.