jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Бибісара Асаубаева әлемнің ең мықты шахматшысын қатарынан екінші рет жеңіп кетті

    Бибісара Асаубаева шахмат ойнауда
    Бибісара Асаубаева. Фото: instagram/kzchessfederation

    Шахматтан Астанада өтіп жатқан Қазақстан мен әлем құрамасы арасындағы кездесуде тағы бір сенсация тіркелді. Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшысын қатарынан екінші рет ұтқан, деп хабарлайды KAZ. NUR.KZ.

    Асаубаева қытайлық шахматшы, әлемнің төрт дүркін чемпионы Хоу Ифаньды екінші рет жеңді. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының ресми парақшасы мәлімдеді.

    "Бибісара Асаубаева FIDE рейтингіндегі ең мықты шахматшы Хоу Ифаньды екінші рет ұтты. Алға, Бибісара!", - деп жазылған федерацияның ресми парақшасында.

    Еске сала кетейік, Бибісара бүгін таңертең де қытайлық шахматшыдан басым түскен.

    Бибісара Асаубаева блиц шахматтан әлемнің екі дүркін чемпионы.

    Бұл күндері Астанада шахматтан әлем чемпионы атағы үшін талас өтіп жатыр. Ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь арасындағы кездесудің жетінші партиясы аяқталды.

    Әзірге, Непомнящий 4:3 есебімен алда келеді.

    Бибісара Асаубаева әлемнің ең мықты шахматшысын қатарынан екінші рет жеңіп кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.