jitsu gif
Спорт

    "Испаниядан ұшып келген": қазақтың жас шахматшы қызы Астанадағы турнирдің 11 кездесуінде жеңіске жетті

    Алуа Нұрманова
    Алуа Нұрманова. Фото: Қазақстан шахмат федерациясы

    Отандық шахматшы Алуа Нұрманова Астанада өткен Қазақстан мен әлем құрамаларының арасындағы матчта 11 кездесуде жеңіске жеткен, деп хабарлайды федерацияның ресми парақшасы.

    Халықаралық деңгейдегі шебер Алуа Нұрманова 11 рет жеңіске жетіп, 4 рет жеңіліп, бір рет тең ойын көрсеткен.

    Бір қызығы, Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелері Меруерт Қамалиденова, Алуа Нұрманова және Ксения Балабаева жарыстың басталуына бірнеше сағат қалғанда Испаниядағы турнирден ұшып келді. Одан бөлек, олар Стамбул қаласы арқылы ұшып келгендіктен, климатқа бейімделу де оңай соқпайтыны анық.

    Алуа турнир барысында Алматыда өткен рапид пен блицтен әлем чемпионатының қола жүлдегері, үндістандық Савита Шриді 3:1 есебімен ұтты.

    "Карантин кезінде Алуа алматыдағы мықты шахматшы ер адамдар - Асқаров, Өтеғалиев, Мезенцев, Дәурімбетовтермен талай мәрте ойнады. Үнемі ашық айқасқа баратын. Сол кезде-ақ бапкерлер оның болашағы жарқын боларын атап өткен", - делінген федерация парақшасында.

    "Испаниядан ұшып келген": қазақтың жас шахматшы қызы Астанадағы турнирдің 11 кездесуінде жеңіске жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.