jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Шахматшы Жансая Әбдімәлік тұрмысқа шықты

    Жансая Әбдімәлік жұбайымен
    Жансая Әбдімәлік жұбайымен. Фото: instagram/zhansaya_abdumalik

    Шахматтан әлем чемпионы әрі Қазақстан командасының капитаны Жансая Әбдімәлік тұрмысқа шықты. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жансая желідегі парақшасында үйлену тойы және неке қию рәсімінен суреттер жариялады.

    "Мәңгілік сенікімін, мәңгілік менікі. Н.К.", - деп жазды спортшы ағылшын тілінде.

    Жанкүйерлер шахматшыға баянды бақыт тілеп, құттықтауларын жаудырып жатыр.

    Әзірге спортшының жұбайының есімі белгісіз.

    Айта кетелік, жақында Жансая Әбдімәлік Қазақстан мен әлем құрамалары арасындағы матчта командаластарын капитан ретінде бастап шыққан болатын.

    Шахматшы Жансая Әбдімәлік тұрмысқа шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.