jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Теннистен әлем чемпионаты: Қазақстан жасөспірімдері іріктеу турнирінің ширек финалына шықты

    теннис
    Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Қазақстан қыздар құрамасы Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша өтіп жатқан теннистен әлем чемпионаты іріктеу турнирінің ширек финалына шықты, деп жазады Қазақстанның теннис федерациясы.

    Бүгін қазақстандық қыздар Иран командасымен шеберлік байқасты.

    Алдымен Анастасия Крымкова бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған кездесуде Атфи Нитиден айласын асырды (6:3, 6:3). Ариана Гогулина дәл сондай есеппен Ясаман Язданидің меселін қайырды (6:3, 6:3). Үшінші ойында Крымкова Полина Слепцовамен бірге жұптық сында Қазақстан құрамасына үшінші ұпайды алып берді (6:4, 6:1).

    Осылайша, қазақстандықтар мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алды.

    3 мамыр күні Ярослава Шведованың шәкірттері Жапониямен ойнайды.

    Жапония да күні бүрын ширек финалға шықты. Сондықтан бұл бәсекеде В тобында кімнің бірінші орынмен ширек финалға шығатыны шешіледі.

    Ширек финал жеребесі 3 мамыр күні кешкісін тартылады. Әлем чемпионатына Азия – Тынық мұхит аймағынан тек үш команда жолдама алады.

    Теннистен әлем чемпионаты: Қазақстан жасөспірімдері іріктеу турнирінің ширек финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.