jitsu gif
Спорт

    Ролан Гаррос турнирі: Тимофей Скатов іріктеу сайысының финалына өтті

    теннис
    Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Қазақстанның екінші, әлемнің 147-ракеткасы Тимофей Скатов Ролан Гаррос турнирі іріктеу сайыстарының финалына шықты, деп жазады Қазақстанның теннис федерациясы.

    Отандық теннисші іріктеу сайыстарының жартылай финалында әлемнің 119-ракеткасы, финляндиялық Отто Виртаненмен шеберлік байқасты.

    Бірінші партияда фин теннисшісі 6:4 есебімен басым түсті. Есесіне екінші сетте қазақстандық спортшы есе қайырды (6:2).

    Ол үшінші, шешуші партияда да 3:0 есебімен алға кетті. Бұдан кейін Виртанен таразы басын теңестірді. Дегенмен Скатов матчты тағы бір брейкпен түйіндеді (7:5).

    Екі сағат 45 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Тимофей 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. 

    Скатов іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 165-ракеткасы Мелигени Родригес Алвес Фелипемен ойнайды. Егер Тимофей бразилиялық теннисшіні ұтса, алғаш рет Ролан Гарростың негізгі додасына жолдама алады.

    Ролан Гаррос турнирі: Тимофей Скатов іріктеу сайысының финалына өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.