Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ролан Гарростың екінші айналымына шыққан отандық теннисші мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Путинцева
Путинцева кортта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстанның екінші, әлемнің 58-ракеткасы Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінің алғашқы айналымындағы жеңісінен кейін сұхбат берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Отандық теннисші екінші айналымдағы қарсыласы әлемнің 19-ракеткасы, қытайлық Чжен Циньвэнь туралы не ойлайтынын ашып айтты.

"Онымен жарыстарда жолымыз түйісіп көрген емес, мүлдем білмеймін. Қалай ойнайтыны да белгісіз. Дегенмен бапкеріммен бірге онымен қалай ойнау керектігін шешеміз", - деді ол.

Сонымен қатар Юлия Путинцева Билли Джин Кинг кубогі – командалық әлем чемпионаты финалдық кезеңінің жеребесіне қатысты пікір білдірді.

"Егер Елена Рыбакина ойнайтын болса, топтан шығуға және чемпиондық атақ үшін күресуге жақсы мүмкіндік бар деп есептеймін. Бәрі де біздің қандай құраммен баратынымызға және бабымызға байланысты", - деді отандық теннисші.

Еске сала кетейік, бұған дейін Юлия Путинцеваның Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2022661-rolan-garrostyn-ekinsi-ainalymyna-syqqan-otandyq-tennissi-malimdeme-zasady/