Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турниріндегі алғашқы жеңісінен кейін шағын сұхбат берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Отандық теннисші, 16 жастағы чехиялық Бренда Фрухвиртовамен бірінші рет кездескенін атап өтті.
Оның сөзінше, бастапқыда өзіне аздап төзімділік жетіспеген.
"Бастапқыда корт пен қарсыласымның ойын стиліне бейімделу керек болды. Маған аздаған төзімділік жетіспеді. Бірінші партияның соңына таман өз ойынымды таптым. Екінші айналымда Носковамен матч күтіп тұр. Ол - болашағы бар ойыншы, өткен жылдан бері Линда тым-тәуір нәтижелер көрсете бастады. Ролан Гаррос жарысында Чехиядан келгендер өте көп. Чехиялық теннис мектебі қашанда өте мықты. Сондықтан жеңіске жету оңай болмайды", - деді Елена Рыбакина.
Айта кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы Ролан Гаррос турнирінің алғашқы айналымында дүниежүзілік рейтингте 146-орында тұрған чехиялық 16 жастағы Бренда Фрухвиртовамен кездесіп, жеңіске жетті.
Ал Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шыға алған жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2022709-onai-bolmaidy-rolan-garros-turnirin-zenispen-bastagan-rybakina-algasqy-oiynnan-son-ne-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.