jitsu gif
Спорт

    Рыбакина 16 жастағы чехиялық теннисшіні ұтып, Ролан Гаррос турнирінің екінші кезеңіне шықты

    теннис
    Рыбакина кортта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

    Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 146-орында тұрған чехиялық 16 жастағы Бренда Фрухвиртовамен кездесті. Бірінші партияда есеп 3:3 болған мезетте чехиялық спортшы брейкпен алға шыққанымен, Елена көпке ұзатпады. Содан кейін тағы бір брейкпен сетті тәмамдады – 6:4.

    Бренда Фрухвиртова екінші партияда да брейк жасағанымен Е.Рыбакина таразы басын қайта теңестіріп, өз геймін де алды – 3:2. Ақыры матчты кезекті брейкпен түйіндеді – 6:2

    Бір сағат 17 минутқа созылған бәсеке барысында Елена 9 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жіберген жоқ. Елена Рыбакина екінші айналымда Чехияның тағы бір жас жұлдызы, әлемнің 50-ракеткасы, 18 жастағы Линда Носковамен шеберлік байқасады.

    Рыбакина 16 жастағы чехиялық теннисшіні ұтып, Ролан Гаррос турнирінің екінші кезеңіне шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.