jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық Андрей Ремхе велоспорттан Азия чемпионы атанды

    Андрей Ремхе
    Андрей Ремхе. Фото: olympic.kz

    Таиландтың Районг қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін 23 жасқа дейінгі велошабандоздар арасында Андрей Ремхе чемпион атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, рл белгіленген 30 шақырымды 36:11.058 секундта бағындырған. Одан кейін қытайлық Жу Цзиньян мен индонезиялық Мұхаммед Энди Ройан келді.

    Бірнеше күн бұрын аралас командалық сында ұлттық құрама чемпион атанған. Ол кезде Қазақстан құрамасы сапында Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Игорь Чжан, Махаббат Үмітжанова, Рината Сұлтанова және Марина Куьзмина жарыс жолына шықты.

    Жалпы Районгта сары құрлықтағы 27 елден келген 700-ге жуық велошабандоз ересектер арасындағы 42-ші, жастар арасындағы 29-шы, 11-ші параазия чемпионатында сынға түсіп жатыр. Мұнда Париж Олимпиадасына қажет рейтинг ұпайлары сарапқа салынады.

    Чемпионат 13 маусымда мәресіне жетеді.

    Қазақстандық Андрей Ремхе велоспорттан Азия чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.