Ертең Астанада басталатын дзюдодан әлемдік Grand Slam турниріне Абиба Әбужақынова қатыспайды. Бұл туралы федерация ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Команданың медицина мамандарының ұсынысы бойынша Абиба Абужақынова Астанада өтетін дзюдодан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына қатыспайды.
Әлем чемпионатында алған жарақатынан (иығы) толық айықпады және жарақатымен күрессе, оны асқындырып алу қауіпі болғандықтан, әлемдік жарысқа қатыстырмау туралы шешім қабылданды", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетелік, Абиба Әбужақынова қазақ қыздары арасында тұңғыш рет әлем чемпионатында жүлде алғаш спортшы. Ол дзюдодан 2022 жылғы әлем біріншілігінде қола жүлдегер атанған болатын.
Сондай-ақ Абиба Grand Slam турнирінде бірнеше рет жүлдегер атанып, Gran Prix додасында жеңіске жеткен.
Дзюдодан Астанадағы әлемдік Grand Slam турнирі 16-18 маусым аралығында өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2024974-abiba-abuzaqynova-astanadagy-grand-slam-turnirine-qatyspaityn-boldy/
Пікірлер жүктелуде