Бүгін астанада дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі басталды. Алғашқы жарыс күнінде екі қазақ балуаны финалға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Мағжан Шамшадин турнирдің алтын медаліне таласады.
Мағжан жарысты екінші айналымнан бастап, Әзірбайжан және Өзбекстан балуандарын ұтты. Ал жартылай финалда тәжікстандық Мерзод Суфивтен басым түсті. Мағжан Шамшадиннің финалдағы қарсыласы - фрранциялық Седрик Револ.
66 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Ғұсман Қырғызбаев та финалға шықты. Ғұсман турнир барысында 2021 жылғы әлем чемпионы, ресейлік Яго Абуладзені жеңді. Қырғызбаев екі жыл бұрын әлем біріншілігінің финалында осы Абуладзеден ұтылған болатын.
Сондай-ақ қазақ балуаны Біріккен Араб Әмірліктері, Әзірбайжан, Өзбекстан спортшыларын жеңді. Ғұсман Қырғызбаевтың финалдағы қарсыласы - испаниялық Давид Гарсия Торне.
Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ғалия Тынбаева ресейлік Кристина Дудневаға қарсы шығып, қола жүлдені сарапқа салады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2025108-astanadagy-grand-slam-magzan-samsadin-men-gusman-qyrgyzbaev-finalga-syqty/
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.