jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Семсерлесуден Қазақстан командасы Азия чемпионатының финалында ұтылды

    Семсерлесуден Қазақстан командасы
    Семсерлесуден Қазақстан командасы. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы Спорт дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Семсерлесуден еліміздің ерлер құрамасы Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Финалда отандастарымыз Жапонияға жол берді.

    Руслан Курбанов, Эльмир Əлімжанов, Вадим Шарлаимов пен Ерлік Сертай квартеті 1/8 айналымда Филиппиннен басым түсті (45:37).

    Содан соң Өзбекстан спортшыларын ұтты (45:40). Ал жартылай финалда құрылықтағы көшбасшының бірі Оңтүстік Кореяны жеңді (42:36).

    Бұл Қазақстанның Уси қаласындағы биылғы чемпионатта қол жеткізген алғашқы жүлдесі. Мұнда Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін рейтинг ұпайлары үшін 20 елден келген 400-ге тарта спортшы сынға түсіп жатыр.

    Семсерлесуден Қазақстан командасы Азия чемпионатының финалында ұтылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.