Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауыр атлетика федерациясы Владимир Седовтың қазасынан кейін мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Владимир Седов
Владимир Седов. Фото: instagram.com/ushtobeqz

Ауыр атлетика федерациясы марқұм Владимир Седовтың отбасына 5 млн теңге мөлшерінде ақша беріледі, сондай-ақ ұлының тәрбиесіне қатысты тиісті қолдау көрсетеді, деп хабарлайды ААФ ресми сайтында.

ААФ мәліметінше, Седовтың отбасына 5 млн теңге қаржы беріліп, ұлының тәрбиесіне қатысты тиісті қолдау көрсетіледі.

"Осы жылдардағы оқиғалар барлық спортшының үлкен спортты тастаған кезде кездесетін проблемаларын көрсетеді. Федерация спорт ардагерлерін қолдау бағдарламасын әзірлеп, халыққа ұсынатын болады, оның аясында мұқтаж зілтеміршілерге қажетті көмек көрсетіледі", - деді федерация өкілдері.

Осы ретте федерация зілтеміршілер мен ААФ жаттықтырушыларын қолдау бағдарламасына биыл демеушілер есебінен 10 млн теңге бөлінгенін атап өтті.

Еске сала кетсек, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қатысушысы, Қазақстанның төрт дүркін чемпионы Владимир Седов қайтыс болған еді.

35 жастағы спортшының денесі өзі тұрып жатқан Жетісу облысындағы Қаратал ауданының Достық ауылынан табылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2026695-auyr-atletika-federaciyasy-vladimir-sedovtyn-qazasynan-keiin-malimdeme-zasady/