Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Уимблдон-2023: Рыбакина, Путинцева және Бубликтің қарсыластары анықталды

Опубликовано:

Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: instagram.com/lenarybakina

3-16 шілде аралығында Англия астанасы Лондон теннистен "Үлкен дулыға" санатындағы Уимблдон-2023 турнирін қабылдайды. Бүгін жарыстың жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина бірінші айналымда америкалық Шелби Роджреске қарсы шығады. 30 жастағы Шелби WTA рейтингінде 46-орында тұр.

Юлия Путинцева әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Майя-Хаддадпен ойнайды.

Ерлер арасында еліміздің бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің бірінші кездесуін америкалық Маккензи Макдональдқа қарсы өткізеді.

Айта кетелік, жақында Александр Бублик өз мансабында алғаш рет Германияның Галле қаласында өткен АТР-500 санатындағы турнирді ұтып алған болатын.

Ал Елена Рыбакина жарақатына байланысты Истбурндағы турнирден бас тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2027007-uimbldon-2023-rybakina-men-bubliktin-qarsylastary-anyqtaldy/