jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Уимблдон-2023: Елена Рыбакина тартысты матчта америкалық теннисшіні жеңді

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Clive Brunskill/Getty Images

    Әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирін жеңіспен бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Турнирдің былтырғы жеңімпазы саналатын Рыбакина әлемнің 48 ракеткасы, америкалық Шелби Роджерспен кездесті.

    Алғашқы партия қазақстандық спортшы үшін қиын өтті. Ол жиі қателесіп, қарсыласының соққыларына жауап бере алмады. Осылайша, бірінші кезеңде 6:4 есебімен Шелби жеңіске жетті.

    Бұл жеңіліс Еленаны қамшылай түссе керек. Қазақстандық спортшы қатарынан бес геймде жеңіске жетіп, екінші партияны 6:1 есебімен өз пайдасына шешті.

    Ал шешуші үшінші партияда Рыбакина білгенінен жаңылмай, қарсыласынан 6:2 есебімен басым түсті.

    Рыбакинаның 1/32 айналымдағы қарсыласы әлі анықталған жоқ.

    Уимблдон-2023: Елена Рыбакина тартысты матчта америкалық теннисшіні жеңді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.