jitsu gif
Спорт

    Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: olympic.kz

    Лондонда өтіп жатқан теннистен Уимблдон турнирінде қазақстандық Елена Рыбакина үшінші кезеңге өтті. Ол екінші айналымда франциялық Ализе Корнені ұтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әлемнің үшінші, еліміздің бірінші ракеткасы саналатын Рыбакина қарсыласын 6:2, 7:6 есебімен жеңді.

    Бірінші партия Елена үшін айтарлықтай қиындық туғызған жоқ. Алайда екінші партияда Ализе қарқынын үдетіп, қазақстандық спортшы біраз қателік жіберді.

    Тіпті, екінші партияның ең ұзақ геймында Ализе Корне аяғын жарақаттап алып, дәрігерлер көмегіне жүгінді. Соған қарамастан франциялық спортшы атақты қарсыласынан қаймықпай, матчты тай-брейкке жеткізді.

    Ал тайм-брейкте Рыбакина 7:2 есебімен жеңіске жетті.

    Рыбакинаның үшінші айналымдағы қарсыласы әлі анықталған жоқ.

    Бүгін Уимблдон турнирінің үшінші кезеңіне қазақстандық Александр Бублик те өткен болатын.

    Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.