Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Александр Бублик "Уимблдон-2023" турниріндегі жұптық сайысқа қатысудан бас тартты

Опубликовано:

Александр Бублик кортта
Александр Бублик. Фото: ktf.kz

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик "Уимблдон-2023" турниріндегі жұптық сайысқа қатысудан бас тартты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бублик австралиялық Люк Савиллмен бірге бірінші айналымда Иван Додиг (Хорватия) / Остин Крайчек (АҚШ) дуэтіне қарсы ойнауы керек еді.

Алайда Бублик пен Савиллдың матчтан бас тартуына байланысты кездесу өтпей қалды. Теннисшілер турнирден бас тартқандықтан, оған қатысу мүмкіндігінен айырылды.

Бұл ретте қазақстандық теннисші жеке сайыс тізбегінде 1/8 финалға шыққанын айта кеткен жөн. Ол ресейлік Андрей Рублевпен кездесу өткізеді.

Рублев пен Бубликтің кездесуі ертең, 9 шілде күні өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2027901-aleksandr-bublik-uimbldon-2023-turnirindegi-zuptyq-saiysqa-qatysudan-bas-tartty/

pixel