jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Азия чемпионаты: тағы бір африкалық желаяқ Қазақстанның туын көкке көтерді (видео)

    Коеч Кимутай
    Коеч Кимутай. Фото: instagram/shadrackkoech39

    Жеңіл атлетикадан Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті. Бұл туралы отандық федерацияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ерлер арасында 10 мың метрге жарысудан Қазақстан намысын қорғайтын Шедрак Коеч күміс жүлдегер атанды.

    Шедрак аталған қашықтықты 29 минут 31,63 секундта жүгіріп өтті. Бұл сында алтын медальді жапониялық Рен Тазава, қоланы үндістандық Абхишек Палу иеленді.

    22 жастағы Шедрак Коеч Кенияның тумасы. Ол Қазақстан құрамасына ауысып, өзінің алғашқы тырнақалды табысына қол жеткізіп отыр.

    Бұған дейін ол Нидерландтағы жартылай марафонға қатысқан болатын. Коеч әлемдік жарыстарда Қазақстанға жүлде сыйлаған екінші африкалық атлет. Бұған дейін Нора Джеруто әлем чемпионы атанған еді.

    Бангкоктегі Азия чемпионаты 12-16 шілде аралығында өтіп жатыр.

    Азия чемпионаты: тағы бір африкалық желаяқ Қазақстанның туын көкке көтерді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.